Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болған

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болған
Фото: jogargy_sot

Өзінің айтуынша, сотталушы алғашқысында Салтанаттың өлімін естіген кезде мейрамханада, екінші жағдайда ешкім көрмеген уақытта камерада өзін өлтірмек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыссөзде Бишімбаев прокурор Асхат Нұрбеков оны камерада 24/7 бақылап отырғанын және сотталушының өзін-өзі өлтірмек болғанын көрмегенін еске салды.

– Мен қазір біреу маған аяушылық танытсын келмейді. Бірақ мен оны шынымен жасадым (өз-өзіне қол жұмсау әрекеті). Прокурорға да, камерада біреуге де көрінбей істегім келді. Егер біреудің көзінше істесең, ол – театр ғана. Қайтпастай, жылдам әрі байқалмайтын жолды табу керек болды. Мен оны таптым деп ойладым, бірақ ол болмай қалды, — деді Бишімбаев.

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады.