Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында судья Байжановқа тағылған айыпты алып тастады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыс жайлы хабарламағаны туралы істі тоқтатты. Енді Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің бір ғана бабы бойынша айып тағылады. Ол 432-бабының аса ауыр қылмысты жасырып қалу бойынша жауап береді.
Мемлекеттік айыптаушы Байжановты Бишімбаевқа тағылған қылмысты белсенді түрде жасыруға тырысқан деп айыптап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
- 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
- 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).