Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атыраудағы Жайық өзенінің су деңгейі

2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды

Атыраудағы Жайық өзенінің су деңгейі
Фото: Атырау ТЖ жедел штаб

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 2 мамырда сағат 8-дегі жағдайы бойынша ақпарат,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі  деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см құрайды.  Жайық өзені-Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см құрайды.    

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см құрайды.  Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды.