Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру алты жылдан бері өтпейді. Дегенмен биыл тек бір қаланың тұрғындары шеруді көреді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырда шеру болмайтынын хабарлады. Елдегі соңғы шеру 2018 жылы өткен еді.
Дегенмен биыл Байқоңыр қаласында шеру ұйымдастырылады. Бұл қала әкімдігінің сайтында айтылған. Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Ленин алаңында өтеді. Сол күні Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке митингі мен гүл қою рәсімі өтеді.
Байқоңыр – Қазақстан қаласы, бірақ оны Ресей жалға алған.