Риддердің әкімі қызметтен кетіпті

Дәулет Батырбаев лауазымынан кетті

Фото: gov.kz

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев сегіз айлық жұмыстан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым Noks.kz сайтына сілтеме жасап, Риддер әкімі бұл қызметте бар болғаны сегіз ай жұмыс істегенін жазды.

"Қысқа уақыт ішінде көп дүние жасай алдық. Қаланың жылу жүйесіндегі апаттың алдын алып, екі жаңа мектептің құрылысын бастадық, тұрғын үйлер мен кәсіпорындардан еріген суды бұру бойынша көктемгі сынақтан өтіп, қоғамдық көліктегі шиеленістерді сейілтті. Қалада мәдени-сауықтыру жұмыстары мен спорттық жұмыстар жандана түсті", - деді Дәулет Батырбаев әкімдік отырысында.

Дәулет Батырбаевтың айтуынша, әлеуметтік желілердегі сын жергілікті тұрғындар көтерген барлық мәселелерді тез шешуге көмектесті.

"Мен жаңа басшылық барлық жоспарларды жүзеге асыра алады деп сенемін және қала тұрғындарының өмірін жақсартады және оңды етеді деп сенемін", - деді Риддердің бұрынғы әкімі.

Риддер әкімінің міндетін атқарушы болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары Мұрат Байжүменов тағайындалды.

Жүктелуде...