Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сұмдық! Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сұмдық! Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған
Фото: Михаил Козачков Telegram арнасы

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және  3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді полицейлер."