Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Прокурор Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұрады

Енді тергеу үшін сот созылады. Келесі сот отырысы 2 мамырда болады

Прокурор Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұрады
Фото: Jogargy_sot

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор қылмысын жасырды деп сотқа тартылған Бақытжан Байжановқа тағылған бапты өзгертуді сұрады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

29 сәуірде жарыссөз басталуы керек еді. Сот отырысының алдында мемлекеттік айыпталушы тергеуді қайта жаңартуды талап етіп, бапты өзгертуді сұрады. 

“Байжановқа тағылған қылмыстық кодекстің 434-бабы “Қылмысты хабарламау” бойынша айыпты 432-бабы “Аса ауыр қылмысты жасыру” деп өзгерту қажет. Өйткені ол аса ауыр қылмыстың болғанын біле тұра, құзырлы органдардың ресторанға кіруіне кедергі келтіріп, саналы түрде марқұмды жасыруға тырысты”, – деді прокурор.

Енді тергеу үшін сот созылады. Келесі сот отырысы 2 мамырда болады.