Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см құрайды.
Жайық өзені - Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см құрайды.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 251 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
29 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды.