Журналист Ғалымжан Қараманұлы Ұлыбританияда бизнесін дамытып жүрген қазақ жігіті туралы айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
"Абдурахман Лиц қаласында тұрады. Осында тұрғанына 9 жыл болған. Абдурахман мысық өсіріп, баптап оны сатады екен. Бір мысықтың бағасы - 700 мың теңге тұрады. Шымкенттің жігіттері мықты. Ковид кезінде нан болсын деп осындай бизнесті бастаған екен. Бірақ, мысық сатып, күн көру Ұлыбританияда мүмкін емес. Бұл қосымша бизнес. Әкесі - кәріс, шешесі - қазақ ұлтынан. 4 баласы бар. Құрылыс саласында жұмыс істейді. Өзінің жеке бизнесі бар",- дейді журналист.
Сондай-ақ Абдурахманның айтуынша құрылыс саласы қара жұмыс болып саналмайды екен.
"Ағаш ұстасы, слесарь күніне Англияда 120-130 мың табады. Бұл жұмыс Англияда қара жұмыс болып саналмайды. Бұл саладағылардың көбі ақтар",- деді Абдурахман.