Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтауда ер адам біреудің көлігін тепкілеп тастапты

Желіде бұзақының ісі қызу талқыланып жатыр

Ақтауда ер адам біреудің көлігін тепкілеп тастапты
Видеодан кадр

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде ер адамның аулада тұрған көліктің үстіне секіріп шыққан видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оқиға Ақтау қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырғаны көрінеді. Бұдан кейін ол қашып кеткен.

Ақтау ПБ құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.

"Учаскелік полиция инспекторлары дереу көрсетілген мекенжайға барып, құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша хаттама толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында ер адамның балаларының көзінше әйелін тепкілеп тастағаны туралы хабарлаған едік.