Бүгін, 22 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.
Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см құрайды.
Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см құрайды.
Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
«22 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3/с құрайды» делінген хабарламада.