Жайық өзені жағалауындағы қапшықтарды әлдекімдер ұрлап кетіпті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып, ұсталды.
42, 32, 37, 38 жастағы ер және 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікпен тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.