Атырауда өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 3 айлық сәбиді құтқарып қалды

Өрт 1сағат щамасында толықтай жойылды

Фото: ТЖД

16 сәуір күні сағат 19:46 шамасында Атырау қаласы, Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар уақытылы жетіп, тілсіз жауды толықтай жануын оқшаулады,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше қызыл жалын 1 сағат щамасында толықтай жойылды.

Айта кетейік, өрт кезінде аталған тұрғын үйден құтқарушылар автосаты арқылы 4 адамды құтқарған. Оның ішінде 2 баланы соның бірі 3 айлық сәбиді қауіпсіз жерге шығарып, анасына табыстады.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

 

Жүктелуде...