Депутат су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік көмек бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын айтты

Біріншіден, облыстың әрбір ауданында және облыс орталығында әлеуметтік көмек көрсету,-деді ол

Фото: Азаттық радиосы

Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік көмек бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын атап өткен жөн екенін жазды депутат Дмитрий Колода Facebook парақшасына ,-деп хабарлайды Newsroom.kz

 "Біріншіден, облыстың әрбір ауданында және облыс орталығында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары қолданылады. Осы Қағидаларға сәйкес су тасқыны кезеңінде азамат немесе отбасы мұқтаждық басталған сәттен бастап алты ай ішінде өзіне не оның мүлкіне табиғи зілзала салдарынан келтірілген залал себебінен біржолғы көмек алуға құқылы. Көмек мөлшері аудандық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты өзгереді. Екіншіден, зардап шеккендер бағалауға сәйкес өтемақы алады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта уәкілетті орталық атқарушы орган атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде. Осылайша, су тасқынынан зардап шеккен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік көмекті тағайындау автоматты түрде ұзартылады деп болжануда. Су тасқынынан зардап шеккен атаулы әлеуметтік көмектің барлық қолданыстағы алушыларына тиісті инстанцияларға жүгінудің қажеттілігінсіз оның тағайындалуы ағымдағы жылдың II тоқсанында автоматты түрде ұзартылатын болады",-деді ол.

Жүктелуде...