Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырауда Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына 300-ден астам техника жұмылдырылған

Атырау қаласында, Махамбет ауданында ахуал әзірге тұрақты

Атырауда Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына 300-ден астам техника жұмылдырылған
Фото: Newsroom.kz

Атырау облысында алдағы уақытта тасқын суға қарсы қандай жоспар құрылғанын Атырау облысының әкімінің орынбасары баяндады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Қаланың батысынан келетін лекті Бесіктінің сәл үстінен мына жерде дачный участоктер бар содан бірінші қорғау линиясы болады. Сол қорғау линиясы Атырау Астрахань тасжолына дейін барады. Содан кейін сол шамада Черная речка өтіп жатқанын білесіздер. Черная речканың қала жақ бекетін екі метрге дейін бекітетін боламыз. Сол бекетпен черная речканың іргесімен біздер төменге әуежайға дейінгі бекетке жеткізетін боламыз. Батыс жағынан келген сулардан черная речка қорғау керек. Черная речка қорғап, төмен теңізге қарай ағады. Екінші линия қорғанысты Алмалыдан қойғалы отырмыз. Бұл как резервтік қорғау бекеттері. Бұл сөйтіп жоғарыдан ағып кетіп, жағасына шығып кеткен суларды қорғап, қаланың тұстарынабұрып, теңізге жіберу жоспарымыз. Жайық өзеніне Иректі су қоймасынан ағызып жатқан су көлемі күн сайын өсуде. Атырау қаласында, Махамбет ауданында ахуал әзірге тұрақты. Дегенмен, Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына 300-ден астам техника жұмылдырылған. Құрылыс, ірі өндірістік компаниялардың , әлеуметтік нысандардың, бизнес өкілдері және еріктілер тәулік бойы жұмыс істеуде" деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан