Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде

Жер снаряд - тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық флоттың кемесі

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жайық өзенінен Каспий теңізіне судың шығуын жеделдету мақсатында қазіргі тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді.

Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды орындауда тиімділігі жоғары «Амфибия» экскаваторы да жұмысқа тартылады.

Жер снаряд - тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық флоттың кемесі.

«Төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тереңдету жұмыстары басталды, оларды жеделдетілген тәртіппен жүргізіп жатырмыз»,- дейді құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Жүктелуде...