Тағы бір Салтанатқа қорған керек: заң орындары неге үнсіз?

Тағы бір Салтанатты құтқару керек

Фото: apteka.ru

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің бейнебақылау камерасына ер адамның бұрынғы әйелін ұрғаны видеоға түсіп қалған,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы "Дети под защитой" қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Ахметованың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Тағы бір Салтанатты құтқару керек. Әйелдің есімі шынымен Салтанат. Тұрмысқа шыққанына 11 жылдан кейін әйел ажырасуға шешім қабылдады. Күйеуінен әрең құтылған ол балаларын алып, Тараздан Алматыға көшті", - деп жазды Жанна Ахметова. Жанна Ахметованың сөзінше, күйеуі оны аңдып, қайтуға мәжбүрлеген. "1 сәуірде қаладағы тұрғын үйлердіғ кешенінде әйелге шабуыл жасап, телефонын сындырып, ұрып-соққан. Балаларының анасын осындай күшпен ұруға бола ма?", - делінген жазбада. Бұл оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі "Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізді. Жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді", - деп хабарлады ПД өкілдері. 

Жүктелуде...