Алматыда ер адам көшедегі әйелге тап беріпті

Әйелге жаяу жүргіншілер араша түсіп, құтқарып алды

Фото:Kozachkov offside

Алматыда түскі уақытта белгісіз ер адам орындықта демалып отырған әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Newsroom.kz

Kozachkovoffside телеграм арнасында жарияланған видеода ер адам көше бойындағы орындықта демалып отырған әйелге тиісіп, желкесінен қысып ұстап, сүйреген. Әйелге жаяу жүргіншілер араша түсіп, құтқарып алды. Жанталасқан әйел жақын тұрған дүкенге кіріп кетіп, қаскөйден әрең құтылды. 

Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Қазір күдікті ұсталып, тергелуде.

Жүктелуде...