Ризабек Айтмұхан үндістандық балуанды жеңіп, финалға шықты

Ақтық белдесу бүгін, 11 сәуірде сағат 17:00-де өтеді

Фото: Tengri sport

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтіпті,- деп хабарлайды Newsroom.kz

97 кг cалмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Ризабек Айтмұхан жартылай финалда үндістандық балуан Вики Викиді 13:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, Ризабек алғашқы белдесуінде Қырғызстан өкілі Андрей Ароновты 6:0 есебімен ұтқан еді. Ал ширек финалда өзбекстандық балуан Махсуд Вейсаловтан басым түсті. Енді Ризабек финалда әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновпен кездеседі. Ақтық белдесу бүгін, 11 сәуірде сағат 17:00-де өтеді. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Жүктелуде...