Атырау қаласында жайық өзенінің деңгейі 36 см-ге көтерілді

Жайық өзенінің деңгейі Индербор  кентінің тұсында 27 см-ге көтеріліп, 466 см-ге жетті

Фото: pixabay

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 36 см-ге көтеріліп, қазір 285 см шамасында,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Батыс қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор  кентінің тұсында 27 см-ге көтеріліп, 466 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 45 см-ге көтеріліп, су деңгейі 540 см-ді көрсетіп тұр.  Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 223 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 8 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 174 см болып тұр. Бұл Волгоград суқоймасынан жіберіліп жатқан су көлемінің азаюымен байланысты. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 15 см-ге төмендеп, 283 см-ді көрсетті. 10-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 1342 текше метр су жіберілуде. Ал мұнда секундына келіп жатқан су көлемі 1293 текше метр. Гирдобекеттер су деңгейі туралы мәліметті әр 4 сағат сайын, яғни ертеңгілік 8-де, түскі 12-де, 16.00-де және 20.00-де көрсетіп тұр

Жүктелуде...