Атырау облысына 500 мың қап жеткізілді

8 сәуір күні қап Атырау қаласына жетті

Фото: Кең Жылыой

Атырауға жағалау бөгеттерін нығайту мақсатында Алматыдан полипропиленнен жасалған 500 мың қап жеткізілді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“Атырау облысының әкімдігі облысымызға 500 мың дана қап тапсырыс берген болатын. 8 сәуір күні қап қаламызға жетті. Қала бойынша 22 координатор 5 учаскеге бөлініп, әрқайсысына 5000 данадан қап  таратып жатыр және осы уақытқа дейін облыс белсенділері де көп мөлшерде қап жеткізген болатын”, -дейді ерікті, қоғамдық кеңіс өкілі Дәурен Сейтқалиев.

Жүктелуде...