"Найзағай соғып, бұршақ жауады": Синоптиктер алматылықтарға ауа райына қатысты шұғыл ескерту жасады

Су астында қалу ықтималдығы төмен, жоғарыда орналасқан ғимараттарды паналауға тырысыңыз

Фото:Gov.kz

Казгидромет Алматыда 9 сәуірде қатты жаңбыр жауады деген болжама жасады. Найзағай соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Төтенше жағдайлар департаменті көлік жылдамдығын азайтуды, апатты шамдарды қосып, мүмкін болса үйден шықпауға кеңес берді. Сондай-ақ жер үй иелеріне субұрғыш жүйе мен жаңбыр суын шығару үшін кәріз және басқа дренаж жүйелерін алдын ала дайындап қоюын ескертеді. 

Нөсер жаңбыр кезінде сыртта қалып қойсаңыз, әуе электр желідеріне назар аударыңыз:

– Әлсіз күшейтілген құрылымдардың астында тұрмаңыз. Олар бұзылған жағдайда жарақат алуыңыз мүмкін;

– Су астында қалу ықтималдығы төмен, жоғарыда орналасқан ғимараттарды паналауға тырысыңыз.

Төтеншеліктер жаяу жүргіншілерді де аса мұқият болуға шақырады. Нөсер жаңбыр кезінде жаяу жүргіншілер жүргізушілерге анық көрінбейді. Сондай-ақ терезелердің жабық болғыны дұрыс.

Жүктелуде...