Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде тағы 500 млн тг аударды

Мыңдаған отбасы уақытша орналастыру орталықтарында

Фото: kaspi.kz

Су тасқыны жағдайы бірқатар облыстарда күрделі күйде қалып отыр. Мыңдаған отбасы уақытша орналастыру орталықтарында. Бүгін Kaspi.kz қосымша 500 миллион теңге бөлді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ақша Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорына жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жіберіледі.

"Мен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда жүрмін. Апаттың ауқымын көріп отырмын. Біз су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақтарға техника ұсынған жалғыз қормыз. Бізге генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, үлкен моторлы қайықтар, қолшамдар, күректер, қаптар керек. Олардың біраз бөлігін сатып алдық, қалған техниканы бізге қарызға берді. Біз бұл қаражаттың дәл қазір қажет екенін түсініп, Kaspi.kz-тен тағы да қосымша көмек сұрадық. Алынған заттардың ақысын төлеу үшін бізге 500 миллион теңге қажет болды. Әрбір қазақстандыққа қайырымдылықтарыңыз үшін және Kaspi.kz бізбен үнемі байланыста болып, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл көмекке баға жетпейді, мұның арқасында біз зардап шеккен отбасыларға көмекті жалғастыра аламыз!".

Biz Birgemiz Qazaqstan ҚҚ төрағасы Перизат Қайрат

Жүктелуде...