"Қазгидромет" РМК су тасқыны қаупі бар аймақтарға болжам жасады, деп хабарлайды Newsroom.kz
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің жетекшісі Алина Исмағұлованың айтуынша, 8 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, ал орталығында түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Орталықта, күндіз еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста жаңбырсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ, сағат 10:00-де Ақмола және Ақтөбе облыстарында дауылды екі ескерту жарияланды.