Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Төтенше жағдайдағы су тасқыны кезінде 100 бала аман есен дүниеге келді

84 жүкті әйел эвакуацияланды

Төтенше жағдайдағы су тасқыны кезінде 100 бала аман есен дүниеге келді
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Республиканың ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бала аман-есен дүниеге келді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оның ішінде Қостанай облысында - 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында-22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.

Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.