Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, Ресейдің төрт дүркін жеңімпазы Аделина Сотникова қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Мен «иә» дедім, - деп жазды Сотникова.
Аделина мен Дмитрий ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасы туралы жасырып келді. 2022 жылғы қарашада спортшылар жұбы алғаш рет ата-ана атанып, ұлына Адриан деген есім берді. Сонан соң мәнерлеп сырғанаушы сүйіктісінің кім екенін ашық айтты.
Попко Санкт-Петербургте туғанымен, әлемдік аренада Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Ал Сотникованың Олимпиада чемпионы атағынан бөлек 2013 және 2014 жылдары Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.