Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Иманды болсын! Түркістандық құтқарушы солтүстікте қайтыс болды

2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды

Иманды болсын! Түркістандық құтқарушы солтүстікте қайтыс болды
Фото: ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күресуге жіберілген 46 жастағы түркістандық құтқарушы көз жұмды, деп хабарлады облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысынан жіберілген. Осы күні кешке ол ауырып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілген. Сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы ауруханаға жеткізу жоспарланған. Алайда 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өліміне миокард инфаркты себеп болғанын айтты.

Ол Түркістан облысы ТЖД Сайрам ауданының №6 өрт сөндіру бөлімін басқарған.

ТЖМ, ТЖД және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі құтқарушының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып, көңіл айтады.