Белгілі әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап көрген жандарға көмек көрсетіп жатқанын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желісінде айтты, жұлдызды жұп дәл қазір Ыстанбұлда екен.
"Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда", – деп жазды әнші.
Әнші өзінің қол қусырып отырмағанын айтты.
"Менің жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей. Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!" – деп үмітін үзбеді әнші.