Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Шоубиз

“Әйелдің энергиясы толық болуы керек”: Ерке Есмахан бақытты болудың жолын айтты

Ерке Есмахан бақытты өмірінің сырын айтты

“Әйелдің энергиясы толық болуы керек”: Ерке Есмахан бақытты болудың жолын айтты
Фото: инстаграм желісінен

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің блогында сүйікті әрі бақытты болуы үшін қандай қасиеттер керек екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Әйел деген сылдырлап ағып жатқан бұлақ сияқты тап-таза, энергиясы толық болуы керек. Сондай әйелдер ештеңеге қарамастан бақытты болады. Әйел оқып-дамыған сайын сүйікті де, бай да бола алады. Осыған көзім жетті. Бұрыннан өзімді дамытып, сабақ алып жүремін",- деді әнші әлеуметтік желісінде.