Қазақстан Ұлттық банкі 2 сәуір күні айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамы қанша екендігін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Сағат 08:30-дағы жағдай бойынша доллар Астанада 450,98 теңгеге сатылып, 446,02 теңгеге сатып алынады. Алматының айырбастау пункттерінде сатуға арналған доллар бағамы - 450,34 теңге, сатып алуға - 448,70 теңге.
Еуро Астананың айырбастау пункттерінде 487,02 теңгеден сатылып, 482,00 теңгеден сатып алынады. Алматының айырбастау бағамы - 486,04 теңге, сатып алу - 482,20 теңге.
Ресей рублі Астана айырбастаушыларында 4,89 теңгеден сатылады, 4,74 теңгеден сатып алынады. Алматыда рубль 4,85 теңгеден сатылады, 4,76 теңгеден сатып алынады.
Ұлттық Банктің 2 сәуірдегі ресми бағамы
1 доллар - 446,56 теңге.
1 Еуро - 481,35 теңге.
1 рубль - 4,84 теңге