weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның бокс құрамасының бапкерін орнынан босатыпты

Шәміл Сфиуллин қызметтен кетті

Қазақстанның бокс құрамасының бапкерін орнынан босатыпты
Фото: olympic.kz

2021 жылдан бері Қазақстан әйелдер командасын жаттықтырған бас бапкер Шәміл Сафиуллин қызметінен босатылды. Оның орнына Сайдалин Елдос Жәнібекұлы тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос Сайдалиннің бапкерлік өтілі 16 жылдан асады. Қарағанды облысы балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттықтырушы болған. 2020 жылдан бері әйелдер боксынан Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері. 

Оның жетекшілігімен 2021 жылғы әлем чемпионатында қыздарымыз 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген. 2022 жылы Әлем чемпионатында жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ал 2023 жылы Астанада өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздары ел қоржынына 8 алтын, 4 күміс және 9 қола медаль салды. Сондай-ақ, былтыр Арменияда өткен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додада 3 алтын, 5 қола медаль жеңіп алды.  

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→