Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бишімбаев сотта Алланың алдында жауап беруге дайынмын деп айтты

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

Бишімбаев сотта Алланың алдында жауап беруге дайынмын деп айтты
Фото: ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау жалғасуда. Бүгін, 1 сәуірде ол сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

"Мен үшін қазір бір нәрсе айту өте қиын. Бірақ бұл адамдық парызым, құрбан болған жанның туыстары, ата-аналары бар. Оның қайтыс болғанын алғашында түсіну қиын болды.Мені ешкім кешірмейтінін білем, бірақ сонда да айтып отырмын. Мен бұл жағдайларға қатысым бар екенін білемін. Мен кінәсізбін және кінәмді мойындамаймын деп отырғаным жоқ, Салтанатты қасақана, саналы түрде өлтіргенім үшін өзімді кінәлі деп мойындамайтынымды түсіндіргім келеді. Мен бұл орны толмас қаза екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Сондықтан бірінші айтайын дегенім осы шығар", – деді.

Ол Нүкенованың отбасы оны жек көріп, қарғауы мүмкін екенін айтты.

"Мен Алла Тағаланың алдында жауап беруге дайынмын. Мен Салтанатты жақсы көрдім. Мен бұл мағынасыз әрекетті жасауды жоспарлаған жоқпын. Бұл жерде ешқандай қасақаналық немесе ерекше қатыгездік болған жоқ. Барлық туыстары мен Салтанаттың ағасы ақпаратты бұрмалау үшін пиар ұйымдастырды. Осы ақпараттардың легінен - мен өзімді қорғауға мәжбүрмін. Бес ай бойы кез келген бұрмалау арқылы маған қарсы көзқарас қалыптасты", - деп қосты Бишімбаев.

27 наурызда Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды.

Сол күні прокурор Саяхат Нұрбеков сөз сөйледі. Ол Астанада Бишімбаев Нүкеновамен кездесіп, оны кездесуге шақырып, қудалай бастағанын айтты.