Димаш Құдайберген су тасқыны кезінде панасыз қалғандарға көмектесуге шақырды

"От пен су - тілсіз жау" - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын", - деп жазді әнші Instagram парақшасында

Фото: Видео скриншот/ Instagram: kudaibergenov. dimash

Димаш Құдайберген еліміздің бірнеше өңірінде болған су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған қазақстандықтарға қолдау білдіріп, көпшілікті көмек қолын созуға шақырды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекендерді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен. Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол. Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз. "От пен су - тілсіз жау" - қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын", - деп жазді әнші Instagram парақшасында. 

Жүктелуде...