weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі туындаған

Құзырлы ведомство осы жағдайды ескере отырып, ел азаматтарына жүріс маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады

Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі туындаған
Фото: pixabay

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен арадағы шекара бекеттері алдында көлік кептелісі туындағанын ескертеді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Құзырлы ведомство осы жағдайды ескере отырып, ел азаматтарына жүріс маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін екенін ескертеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→