Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін президент Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады", - делінген ресми хабарламада.