Елімізде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шаралары қарқын алуда,-деп хабарлайды Newsroom.kz
"Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры қайырымдылық жұмыстарына ерекше ден қоюда. Жиналған гуманитарлық көмекті жөнелту жұмыстарына Атырау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері атсалысуда.
Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық қажеттіліктер салынған көмек ертең жолға шығады.