Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бас прокуратура кей өңірлердегі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасапты

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі өзекті болып тұрған қазіргі жағдайды баяндады

Бас прокуратура кей өңірлердегі су тасқынына байланысты мәлімдеме жасапты
Фото: ТЖМ

27 наурызда Бас прокуратурада су тасқыны бойынша барлық мүдделі органдардың қатысуымен (ТЖМ, ІІМ, Экология министрлігі мен Қазгидромет) ведомствоаралық жедел кеңес өтті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ведомство ресми сайтының мәліметінше Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі өзекті болып тұрған қазіргі жағдайды баяндады.

"Ең қиын жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, сондай-ақ Абай, Ұлытау облыстарында байқалады. Республикалық штаб және облыстық 12 штаб құрылды. Сенім телефоны жұмыс істеуде және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарда. Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарда су сорғыту және қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстары жүргізілуде. "94 адам эвакуацияланды. Барлығы 2,5 мың қызметкер мен 693 техника, суды сорып алатын 288 қондырғы жұмылдырылды. Қабылданған шараларға қарамастан, аталған аймақтарда тұрғын үйлерді, аула аумақтарын және жертөлелерді су басуда. Жолды су шайып кетудің 7 жағдайы тіркелді. Құбылмалы ауа райына байланысты (нөсерлі жаңбыр, ауа температурасының жоғарылауы) алдағы күндері су басу қаупі сақталады", - деп хабарлады ТЖМ өкілі. 

Сондықтан кеңесте гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, елді мекендерді, жолдар мен көпірлерді инженерлік қорғау, тұрғындарды уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз ету, эвакуациялау пункттерінің дайындығы, алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де талқыланды. Кеңесте жхалықты ескерту жүйелерінің (сиреналар, жергілікті ескерту жүйелері және тағы басқа) жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылатыны айтылды.