Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Әлем

«Крокустағы» лаңкестік шабуыл кезінде қандай жұмбақ жағдайлар болды?

Ресей бұл лаңкестікті Украинадан көреді

«Крокустағы» лаңкестік шабуыл кезінде қандай жұмбақ жағдайлар болды?
Видеодан скрин

Мәскеу түбіндегі сауда орталығында болған шабуылға қатысты жұмбақ жағдайлар көп,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Крокус" ситиге шабуыл жасады деп ұсталған лаңкестердің бірі Мәскеуге екі апта бұрын келген. Оны сол кезде суретке түсіріп алған фотограф бұл оқиға 7 наурызда болғанын растады.

Фотограф 7 наурызда Crocus City Hall ғимаратында лаңкестердің бірін байқаусызда суретке түсіріп алған. Шамасы, шабуыл осы күндері, болжам бойынша, 9 наурызда Крокуста өткен Шаман концерті кезінде болуы керек еді. Алайда, күдіктілердің жоспары АҚШ билігінің Ресей Федерациясында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттер туралы ескертуімен жүзеге аспады.

Екінші жұмбақ жағдай, шабуыл басталар кезде Ресейдің Ішкі істер министрлігіне тиесілі кинолог итін жетектеп сауда орталығының ішінде жайбарақат жүреді. Ол кім болуы мүмкін?

Тағы бір жағдай, шабуыл болған "Крокус" сауда орталығында "Павшино" деп аталатын полиция бөлімі бар. Алайда жағдай орын алғанда полицейлер қайда болған?

Сондай-ақ, Ресей билігі бұл оқиғаға Украинаның қатысы болуы мүмкін деп күдіктеніп жатыр. Путин де Украинадан "құтқарып алу" терезесі болды деді. Алайда содырлардың өзі шабуыл кезінде түсірген видео қалайша көп өтпей ДАИШ ресми дереккөздерінің қолына түскен?

Ұзын сөздің қысқасы Мәскеу түбіндегі лаңкестік жағдайға байланысты күрмеуі көп жұмбақ жағдай көп.