Иманды болсын! Маңғыстауда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Фото: lada.kz

Маңғыстауда тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері айтты.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 24 наурызда Мұнайлы ауданындағы Оңтүстік тасжолында болған.

"Kia көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Kia көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жүктелуде...