Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Путин 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялапты

Владимир Путин оқиғаны теракт деп мәлімдеді

Путин 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялапты
Фото: Риа

Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен соң 24 наурызды жалпыұлттық Аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Ресей басшысы Мәскеудегі "Крокус Сити Холлда" болған қайғылы оқиғаға байланысты теледидар ресейліктерге арқылы үндеу жасады. Владимир Путин оқиғаны теракт деп мәлімдеді. 

Өз сөзінде Ресей басшысы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендерге көмектескені үшін ақ залаттылар мен азаматтарға алғысын білдірді.

Кеше 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған белгісіз бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.