Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 наурыз, 2024 / Динара Сембаева / Шоубиз

Дина Төлепбергенің ұлының денсаулығында қатерлі ісікке күдік бар

Дина Төлепберген 13 жыл бойы жүргізген "Астарлы ақиқаттан" ұлы үшін кеткенін мойындады

Дина Төлепбергенің ұлының денсаулығында қатерлі ісікке күдік бар
Фото: Мамский әңгіме

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет үлкен ұлының сырқаты туралы жан сырын айтты. Журналист өзі 13 жыл бойы жүргізген "Астарлы ақиқаттан" ұлы үшін кеткенін мойындады,- деп хабарлайды Newsroom.kz

"Біз басқа үйге көшкелі үлкен ұлымның мұрнынан жиі қан аға бастады. Мен ол кезде жаңа үй, жаңа мектеп салдарынан сәл күйзелісте жүрген шығар деп ойлап қалдым. Десе де дәрігерге барып қаралдық. Бізге тиісті ем жазып берді. Бірақ оны қабылдасақ та, қан тоқтар емес. Бір күні ұлымның денесі біреу тепкілеп тастағандай көгеріп кеткенін байқап қалдым. Сол түні мұрнынан өте көп қою қан ағып бастады. Бірден жедел жәрдем шақырттым. Оны жансақтау бөліміне алып кетті. Тромбоциттері 7 мың, одан кейін 4 мың болып кеткен. Ал дені сау адамдарда ол 180-300 мың болуы керек. Ауруханада да қаны тоқтамады. Түкірсе де қан шығып жатты. Тек құлағынан ғана ақпады. 

Дәрігерлер "онкология шығар" деп айта салды. Мен сенген жоқпын. Ертесіне тромбоцитопения пурпура деген дигноз қойылды. Үш апта ауруханада жаттық. Бірақ баламның бұл дертке қалай тап болғанын әлі де түсінбедік. Ауруханадан шыққан соң үлкен гормоналды терапиядан өттік. Ол өте қорқынышты. Өте көп дәрі ішті", - деді Дина Төлепберген "Мамский әңгіме" подкастында.