Қазақстандықтар үшін ең маңызды құндылықтардың бірінің 69,70% денсаулық , балалар (39,71%) және отбасылық әл-ауқат (22,74%) құрауда,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Қосындысы 100%-ға тең емес, өйткені респонденттердің бірнеше жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігі болды.
2024 жылғы 26 ақпан - 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында басым құндылықтарға қатысты азаматтарға сауалнама жүргізілген болатын.
Сондай-ақ, әлеуметтанулық деректер қазақстандықтар үшін дәстүрлі құндылықтар аса маңызды екенін көрсетеді. Мәселен, қазақстандықтардың құндылық бағдарлары жүйесінде денсаулық (69,70%), балалар (39,71%), отбасылық әл-ауқат (22,74%) және бейбіт аспан (17,96%) сияқты құндылықтар басым. Бұл қазақстандықтардың өз денсаулығын сақтауға және балалар мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне зор мән беретінін көрсетеді.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандар махаббат (15,38%), қауіпсіздік (13,61%), берік отбасын құру (13,30%), материалдық байлық (12,30%), жұмыс (11,50%), еркіндік (11,48%) сияқты құндылықтардың маңыздылығын көрсетуде.