weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері бірнеше күнге жабылыпты

21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері бірнеше күнге жабылыпты
Фото: Elorda.info

Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі 21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері уақытша жабылады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 21-23 наурызда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу іске асырылмайтынын хабарлайды", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада. Комитет өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. "Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – дейді ведомстводағылар. 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→