Астанадағы мобильді интернет Токиодағыдан да нашар болып шығыпты

Астана бес тармаққа төмендеп, мобильді интернет жылдамдығы секундына 45,18 мегабитпен 88-орында тұр

Фото:ortcom.kz

Жыл сайынғы Speedtest Global Index деректері 2024 жылдың ақпан айындағы қалалар мен елдер бойынша интернеттің орташа жылдамдығын көрсетеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Оған сәйкес, Астана бес тармаққа төмендеп, мобильді интернет жылдамдығы секундына 45,18 мегабитпен 88-орында тұр. Токио 76-орынға ие болды, жылдамдығы 55,9 Мб/с.

Бірақ Алматы жеңді. Оңтүстік астанада Speedtest Global Index деректері бойынша желі жылдамдығы 59,86 Мб/с, бұл әлемде 73-ші орында.

Жүктелуде...