Шымкенттен шыққан 54 жолаушы мінген автобус аударылып қапты

Жеті адам зардап шекті

Фото: el.kz

Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған - екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала. Жол-көлік апатынан жеті адам зардап шеккен. Бір адам ауруханаға жеткізілді.

Автобус тек аударылғаны болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға алып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.

Жүктелуде...