Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Sportroom

Сербиядағы турнир финалына қанша қазақстандық боксшы өтті?

Финалда кімдерге жанкүйер боламыз?

Сербиядағы турнир финалына қанша қазақстандық боксшы өтті?
Фото: инстаграм желісінен

Қазақстандық боксшылар Сербия астанасында өткен "Белград жеңімпазы" турнирінде жартылай финалдық жекпе-жек өткізді, оның қорытындысы бойынша финалистер саны белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Турнир финалында сегіз боксшы қатысады: Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Ташкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг) және Олжас Боқаев (+92 кг).

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда бокстан Қазақстан ерлер құрамасының Белградтағы турнир өтінімінде он екі спортшы болған — финалға дейін төрт спортшы жете алмады, олар: Оразбек Асылқұлов (57 кг), Бийбарс Жексен (60 кг), Ерасыл Танқай (63,5 кг) және Темірлан Мұқатаев (86 кг).