Алматыда таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуіне орай су тасқыны болуы мүмкін

16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде

Фото:Gov.kz

Алматыда қардың қарынды еруі салдарынан таулы аудандарда су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін айтты Қалалық ТЖД,-деп хабарлайды Newsroom.kz

ТЖД ақпаратынша, орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Нәтижсінде Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. "Осыған орай Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ су қоймаларында мұз жамылғысының әлсіреуі туралы еске саламыз. Мұзға шықпаңыз, өміріңізді сақтаңыз!", - делінген хабарда. 

Жүктелуде...