weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 наурыз, 2024 / Динара Сембаева / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өнерде жүргенде қиындыққа ұшыраған Ғаділбек Жанай қалтасында 30 теңгемен қалыпты

Қалтамда 30 теңге ғана қалған. Сол түсіп қалмасын деп алақаныма қысып келемін

Өнерде жүргенде қиындыққа ұшыраған Ғаділбек Жанай қалтасында 30 теңгемен қалыпты
Фото: musical.kz

Белгілі әнші, Ғаділбек Жанай алғаш сахнаға шыққан қиын кездерін есіне алды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“Алматы қаласындағы Абай көшесінің бойымен келе жатырмын. Қалтамда 30 теңге ғана қалған. Сол түсіп қалмасын деп алақаныма қысып келемін. Екі бәтеңкем де жыртылып қалған. Ішінен шұлығым көрінеді. Баратын жер жоқ. Бәрін тастап ауылға кеткің келеді, бірақ өнерді қимайсың. Талай бір кесе шай алып, асханаларда таңға дейін отырған кездер болды”, – деп еске алады әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі, тығырыққа тіреліп, басына қиын іс түскенде көмектескен жандардың есімін атады. 

“Ақтауда қалған Шаттық деген досым Алматыда Алмат деген құда баласының тұратынын айтты. Ол жігіт те біздің жаққа келіп жүргенде көретінмін. “Соның үйіне барсаң, кіргізеді” деді. Мен бұрын-соңды танысып-біліспеген адамға хабарласуға ұялып тұрмын. Не істеймін деп ойланып отырсам, ойымдағы адам алдымда келе жатыр. Мені бірден танып, үйіне алып кетті. Орыстілді жігіт еді. Осындай қиын сәттерді ұмытуға болмайды. Қазіргі жастар сәл қиындыққа тап болса, сынып кетуге дайын. Әр қиындықтың артында үлкен қуаныш бар. Қиындыққа берілмеңдер!”, – кеңес айтты өнер иесі  “Егіз-лебіз” бағдарламасына берген сұхбатында.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→