Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Екі жас бақытты болсын!»: Аружан Жазылбекова күйеуімен түскен жаңа суретін жариялапты

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, жылы лебізін білдірген

«Екі жас бақытты болсын!»: Аружан Жазылбекова күйеуімен түскен жаңа суретін жариялапты
Фото: instagram/arujazz

Отандық таныиал актриса Аружан Жазылбекова желіде күйеуімен түскен суретін жариялап, оқырмандарын қуантты,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, жылы лебізін білдірген. 

Жеке өмірін көпшілік алдына шығара бермейтін Аружан Жазылбекова Instagram парақшасында күйеуімен түскен суреттерін жариялап, елді тәнті етті. Фотоларда ерлі-зайыптының тауда жүргенін көруге болады. Актриса мен күйеуі көп уақытын табиғат аясында өткізіп, бірге спортпен шұғылданады. Желі қолданушылары ерлі-зайыптының суреттеріне тамсана қарап, оларға ыстық ықыласын білдірді. "Қандай керемет жұп", "Сіздерге қарай бергің келеді. Сондай жарасымды, бақытты жұп", "Осындай бақытты күндеріңіз көп болсын", "Көз тимесін, тып-тыныш ешкімге жария етпей өз қмірін сүріп жүрген жұп", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Аружан нағыз бақытын кезіктірген сияқты", - деп жазуда көпшілік.