Ашық НҚА порталында студент, магистрант, докторанттардың стипендиясын арттыруға бағытталған үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Онда шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өсетіні, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаятыны көрсетілген.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;
- интерндер – 85 376 теңге;
- ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;
- «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;
- Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңгеге өсу жоспарланған.